
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Арал көпсалалы колледжінің студенттері арасында «Сайлау – болашаққа жасалған таңдау» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Аталған шығармашылық байқауға колледждің 32 студенті белсене қатысып, өз ой-пікірін, азаматтық ұстанымын және ел болашағына деген жауапкершілігін эссе арқылы жеткізді. Студенттер өз жұмыстарында сайлаудың қоғам өміріндегі рөліне, саналы таңдаудың маңыздылығына және әрбір дауыстың ел дамуына қосатын үлесіне ерекше тоқталды. Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың қоғам өміріне бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Эссе байқауының қорытындысы әділ әрі ашық түрде №51 сайлау учаскесінің комиссиясы тарапынан айқындалатын болады.