Лого

Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік сайлау күніне орай жастар арасында тоғызқұмалақ сайысы өтті

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күні аясында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және саналы ойлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Әр дауыс маңызды, әр ой саналы: жастармен тоғызқұмалақ жарысы» атты тоғызқұмалақ сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді жастар қатысып, қазақтың зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ арқылы стратегиялық ойлау, шыдамдылық пен жауапкершілік секілді маңызды қасиеттерді көрсете білді. Сайыс барысында қатысушылар тек ойын шеберлігін ғана емес, қоғамдағы әрбір таңдау мен пікірдің маңыздылығын терең түсінетінін аңғартты. Аталған сайыс Дүниежүзілік сайлау күнінің негізгі құндылықтары – азаматтық жауапкершілік, саналы таңдау және әрбір дауыстың қоғам дамуындағы рөлін жастарға кеңінен түсіндіруге бағытталды. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы «әр қадам маңызды» деген ұғым сайлау үдерісіндегі «әр дауыс маңызды» қағидасымен ұштастырылды. Айта кету қажет сайысқа Арал аудандық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының құрамында қатысты. Іс-шара соңында белсенді қатысқан жастарға алғыс білдіріліп, жеңімпаздар марапатталды. Мұндай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Дата публикации
29 января 2026
Дата обновления
29 января 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы