Лого

Меню

Страницы

Статья

Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп - гимназия КММ

Мектепішілік Президент сайлауы – 2025 оқу жылы

Мектебімізде дәстүрге айналған маңызды іс-шаралардың бірі – оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау болып өтті. Мектеп президентін сайлауға құрметті қонақ ретінде жас сайлаушылар клубы жетекшісінің орынбасары Сабырбай Ержан Әділжанұлы дауыс беруге үз үлесін қосты. Бұл шара – жас көшбасшыларды тәрбиелеуге, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізіп, мектеп өміріне белсене араласуына жол ашатын үлкен мүмкіндік.
🗳 Сайлау – әрбір оқушыны жауапкершілікке баулып, өз таңдауын жасауға үйрететін демократиялық қадам. Оқушылар арасынан мектеп дамуына үлес қосатын, сыныптастарының сенімін ақтайтын үміткерлер бақ сынады.
Президенттікке үміткерлер:
🔹 10 «А» – Бекболатұлы Исламбек
🔹 9 «Ә» – Пайзулла Назерке
🔹 9 «Ә» – Табылғанова Гүлім
🔹 8 «Г» – Темірбек Нұрдана
🔹 8 «В» – Абылайқызы Айханым
🔹 8 «А» – Наурызбайқызы Мерей
🔹 8 «В» – Дүзелбаева Көрем
🔹 9 «В» – Ғалымбек Дамир
🔹 9 «В» – Қанатұлы Аянбек
🔹 8 «Ә» – Ғалымжанқызы Мерей
🔹 8 «А» – Ұзақова Назира
🔹 8 «В» – Матығұл Инабат
🔹 8 «Б» – Тәуіржанова Алина
📌 Сайлауға 8–11 сынып оқушылары қатысып, өз таңдауларын жасады.
🏆 Нәтижесінде көпшілік дауыспен жеңіске жеткен:
🌟 10 «А» сынып оқушысы – Бекболатұлы Исламбек
🎉 Жаңа Президентімізді шын жүректен құттықтаймыз!
👏 Бұл сайлау – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, белсенділікке және жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды қадам болды.

Дата публикации
08 января 2026
Дата обновления
08 января 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы