Өнеркәсіп
Жалпы, 2025 жылы Арал ауданы аумағында жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Аталған жобалар аясында 50 жаңа жұмыс орны ашылды:
- «Ase Invest» ЖШС – тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру жобасы. Жоба құны – 300 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
- «Sinooil» ЖШС – жанар-жағармай құю станциясын салу жобасы. Жоба құны – 500 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
- «Қарашалаң балық» ЖШС – Арал қаласында балық өңдеу зауытын ашу жобасы. Жоба құны – 422 млн теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
- «Petro Retail PFS» ЖШС – жол бойы қызмет көрсету орталығын ашу жобасы. Жоба құны – 2 млрд теңге, жұмыс орындары – 10 адам.
Сонымен қатар, 2026 жылдың соңына дейін Арал ауданында жалпы құны 17,0 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар нәтижесінде 135 жаңа жұмыс орны ашылады:
- «Qazaq Camel» ЖШС – түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу. Жоба құны – 3,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 23 адам;
- «Эко Энерджи Плюс» ЖШС – автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойы кешенін салу. Жоба құны – 1,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 15 адам;
- «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру жобасы. Жоба құны – 1,8 млрд теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
- «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – Арал қаласында мотоцикл құрастыру зауытын ашу. Жоба құны – 1,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 15 адам;
- «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – балық шаруашылығын ұйымдастыру жобасы. Жоба құны – 685 млн теңге, жұмыс орындары – 12 адам;
- «Альхена» ЖШС – қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясын салу. Жоба құны – 8,6 млрд теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
- ДК «Аманжолов Жұбаныш» – ылғал майлықтар өндіру зауытын ашу. Жоба құны – 320 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
- «Алаш Метан» ЖШС – Арал ауданында метан газын құю бекетін ашу. Жоба құны – 600 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
- «Хан Батыр» ЖШС – тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жобасы. Жоба құны – 94 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам.
Туризм
2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Арал ауданында туристер саны 13 910 адамды құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артты. Оның ішінде ішкі туристер – 13 150 адам, сыртқы туристер – 760 адам. Қазіргі таңда аудан аумағында 18 қонақ үй, 6 туристік нысан және 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны туристерге қызмет көрсетуде. Туризм саласын цифрландыру мақсатында туристік нысандар мен сервистік қызметтер туралы ақпаратты қамтитын QR-кодтар орнатылды.
Қазақстан Республикасының туристендіру картасына сәйкес аудан аумағындағы туристік объектілер республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлінген. Республикалық деңгейдегі туристік нысан ретінде «Геопарк Арал», ал өңірлік деңгейде Қамыстыбас көлі жағажайы белгіленген. Сонымен қатар, Халықаралық Аралды құтқару қорымен бірлесіп әзірленген «ARAL GEOPARK» туристік бағыты аясында 6 туристік нысан қамтылып, жобаға қатысты құжаттар ЮНЕСКО Халықаралық ұйымына тіркеуге ұсынылды.