
Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар 35 291 адамды қамтып отыр. Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш аудан халқының 44,5 пайызын құрайды.
Статистикалық есеп бойынша ауданда 248 спорт объектісі тіркелген. Оның: 5-і спорттық кешен, 1-уі стадион, 59-і спорт залдар, 14-і бейімделінген спорт бөлмелері, 169-і жазықтағы спорт алаңдары.
Арал ауданы бойынша Олимпиада ойындары бағдарламасына кірген 12 спорт түрлері бойыншы спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде: баскетбол, бокс, волейбол, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, жеңіл атлетика, қол добы, таеквондо, үстел теннисі, футбол, әйелдер күресі.
Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмеген және ұлттық спорт түрлері бойынша 10 спорт түрлері бар: гір спорты, қол күресі, дойбы, шахмат, асық ату және бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ және теңге ілу.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене тәрбиесі мен сауықтыру және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізудің арнайы жылдық жоспары бекітіліп жүзеге асырылады. Жоспарға аудандық, салалық спартакиадалардан бастап, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша, даталы күндерге, ауданға аты мәлім азаматтарды еске алуға арналған іс-шараларға дейін қамтылған.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айының соңына дейін аудан бойынша 100 спорттық жарыс өткізілді. Оның ішінде:
-6 республикалық,
-8 облыстық,
-86 аудандық іс-шара.
2025 жылы аудан спортшылары ресми чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда 37 медальға ие болды: 11 алтын, 12 күміс, 14 қола.
ҚР чемпионаттары: 5 алтын, 11 күміс, 12 қола
Азия чемпионаты: 6 алтын, 1 күміс, 2 қола