Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудан бойынша 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар

2024 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

         Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  7670  қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

         - мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 237 (3,1 %) қызмет;

         - мемлекеттік корпорация арқылы 430 (5,6 %) қызмет;

         - Электронды үкімет порталы арқылы 7003 (91,3 %) қызмет  көрсетілді.

         2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 16 қызмет көрсетуші объектілерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

        Осыған сәйкес, ішкі бақылау іс-шарасының нәтижесімен І тоқсанда Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 16 заң бұзушылық фактілері анықталып, жауапты бас маманына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы қаралды.

         Бұған қоса, ішкі бақылау іс-шарасының нәтижесімен ІІ тоқсанда Арал аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 11 заң бұзушылық анықталып, жауапты маманына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы көрілді.

         ІІІ тоқсан және ІV тоқсанда ішкі бақылау нәтижесімен бұзушылық фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалуда.

         Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен 2021 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша «Ең алдымен адамдар» арнайы бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында көшпелі семинар өткізу үшін аудан әкімдігіне қарасты бөлім, қала, кент және ауылдық округтерде мемлекеттік қызмет көрсететін 50 тыңдаушыларға семинар ұйымдастырылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2024 жыл бойынша арыз-шағым түскен жоқ.

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
09 января 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы