
2024 жылдың ІІІ тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1836 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 32 (1,7 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 93 (5,1 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 1711 (93,2 %) қызмет көрсетілді.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 4 қызмет көрсетуші объектілерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтарды фактілері анықталған жоқ, себебі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп, мерзімінде орындалуда.
Аталған кезеңде Қамыстыбас, Райым, Жіңішкеқұм және Қарақұм ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау шарасы жүргізіліп, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсынымдар енгізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2024 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша арыз-шағым түскен жоқ.