
2024 жылдың 3 ай бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2330 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 98 (4,2 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 142 (6,1 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 2090 (89,7 %) қызмет көрсетілді.
2024 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 4 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2024 жылыдың 3 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ.