Лого

Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіп

2026 жылдың ІII-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасуда. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары 24,4 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,9 пайызға өсімін тапты.

Oның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 17,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға орындалды.


2026 жылдың IІ-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары 15,6 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,4 пайызға:

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі бойынша 11,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызға орындалды.


2026 жылдың І-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары 9,6 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 109,6 пайызға:

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі бойынша 6,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,0 пайызға орындалды.


2025 жылдың ІV-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасуда. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары жыл қорытындысымен болжамды 37,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 108,6 пайызға:

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі бойынша 24,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызға орындалды.


2025 жылдың ІІІ-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 23,6 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,3 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 15,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсетті.


2025 жылдың ІІ-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 15,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 105,5 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 9,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2 пайызға өсім көрсетті.


2025 жылдың І-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 6,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 108,7 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 4,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
110,3 пайызға өсім көрсетті.


2024 жыл көлемінде өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 30,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,5 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 21 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызға өсім көрсетті.

Ағымдағы жылдың 11 қортындысымен өңдеу өнеркәсібі саласына
1,2 млрд теңге инвестиция тартылып, салаға тартылған инвестиция өткен жылдың қортындысынан 2,2 есеге артқан.


2024 жылдың ІІІ-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 21,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 106,7 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 14,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызға өсім көрсетті.


2024 жылдың ІІ-тоқсанында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 15,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 112,6 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 11,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,3 пайызға өсім көрсетті.


2024 жылдың І-тоқсанында ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер бойынша

Ағымдағы жылы 1 сәуіріне ауданымызда жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5204 бірлікті құрады (80,6%).

Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 4980 бірлікті құрап (80,1%), тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі – 95,7 пайыз.       

Көтерме және бөлшек сауда

103,9%

 

Ауданымыздың бөлшек және көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері аудандағы бөлшек сауданың 2,8 млрд. теңгеге жетіп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайызға артты.

103,4%

 

Бұл көрсеткіштің артуы ауданымызда сауда және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келе жатқандығын білдіреді.

Өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі

Сонымен қатар, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 9,1 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 117,4 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 6,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,9 пайызға өсім көрсетті.

10,6 млрд. теңге

 

Инвестиция көрсеткіші

Жыл басынан бері ауданның негізгі капиталына 4,1 млрд. теңгені инвестиция тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 116,4% пайызды құрады. Оның ішінде жеке сектордың үлесі 61% яғни 2,5 млрд. теңге.

 

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау

Жыл басынан бері ауданымызда несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 954,3 млн. теңгенің 35 жобасы несиелендірілді.


2023 жыл көлемінде Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар туралы

Сондай-ақ, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 31,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,9 пайызға артқан.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 21,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызға өсім көрсетті.


2023 жылдың  III – тоқсаны бойынша Кәсіпкерлік саласында  атқарылған жұмыстар туралы

2023 жылдың қаңтар-шілде аралығында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 9 241 бірлікті құрап алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында әрбір қала, кент және ауылдық округ бөлінісіндегі іске асырылуы жоспарланған жобалар тізімі бекітіліп, ол бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтқанда аудан бойынша жалпы құны 5 957,1 млн. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 386 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 58 жоба іске қосылады деп жоспарланған болса, оның ішінде 934,8 млн теңгенің 22 жобасы іске қосылып 106 адамды жұмыспен қамтып отыр.


2023 жылдың  II – тоқсаны бойынша Кәсіпкерлік саласында  атқарылған жұмыстар туралы

Ағымдағы жылы 1 маусымға дейін ауданымызда 616 азамат өз кәсіпкерлігін ашып, жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6654 бірлікке жетіп, Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 42,4 пайызға өсім көрсетті.

Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6317 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,9 пайызға өсім бар.

Мұндағы, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі – 95,0 пайызды құрады.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 8 908 бірлікті құрап алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға өскен.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында әрбір қала, кент және ауылдық округ бөлінісіндегі іске асырылуы жоспарланған жобалар тізімі бекітіліп, ол бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтқанда аудан бойынша жалпы құны 5 678,5 млн. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 388 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 58 жоба іске қосылады деп жоспарланған болса, оның ішінде 273,8 млн теңгенің 10 жобасы іске қосылып 33 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, ауданымыздың бөлшек және көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері аудандағы бөлшек сауданың көлемі 4,1 млрд. теңгеге жетіп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,1 пайызға артты.

Бұл көрсеткіштің артуы ауданымызда сауда және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келе жатқандығын білдіреді.

Ағымдағы жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар аясында айналым қаражатын толтыруға ауданымыз бойынша 26 кәсіпкер 335,9 млн теңге көлемінде төмендетілген несие қаражатын алды.

Сондай-ақ, ауданымызда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Атап айтар болсақ өнеркәсіп орындары 8,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 109,2 пайызға артқан.

Сондай-ақ, ауданымызда «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 168,7 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1303 адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген болса, оның ішіндегі жалпы құны 3,6 млрд.  теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азаматты жұмыспен қамтыды.

Ал, қалған құны 165,1 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда 1035 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске асырылу сатысында.

Бұдан бөлек бірыңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 7,2 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда 453 азаматты жұмыспен қамтитын 5 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ БОЙЫНША

Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінде орналасқан «Республикалық маңызы бар №1 индустриялық аймақтың» жалпы жер көлемі – 16 гектар, жобаларға табысталған жер көлемі – 6 гектар, ағымдағы жылы аймақты кеңейту және алдағы уақытта жобаларды орналастыру мақсатында қосымша 10 гектар жер телімі табысталды.

Қазіргі таңда Арал ауданының индустриялық аймағында жалпы құны 3 239,8 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек «Индустриялық аймақта» жалпы құны – 4 561 млн теңге болатын 3 жобаны орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бойынша 2022 жыл қортындысымен кәсібін кеңейту мақсатында аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1910,7 млн. теңгенің 142 жобасы несиелендірілген болса, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1255,2 млн. теңгенің 118 жобасы несиелендірілді.

Сондай-ақ, бұдан бөлек жалпы құны 95,8 млн. теңгенің 12 жобасы қаржы ұйымдарымен мақұлдандып тұр.

Бұдан бөлек ағымдығы жылы кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастаушы азаматтарды қайтарымсыз грант қаражатымен қаржыландыру бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында жалпы құны 96,6 млн теңгенің 70 жобасына қайтарымсыз грант қаражаты табысталды.

Сондай-ақ, ауданымызда 2022 жыл қортындысымен жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 24 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілген болатын.

Бұдан бөлек, Арал қаласында «Миллион плаза», «Жақсат 2» саудаүйлері, «Самғау» бизнес орталығы, «Мега планета»  және сауда нысаны, «Monaco», «Шайхана №1», «Palato» қоғамдық тамақтану орындары, «Алақай», «Зере» балалар ойын орталығы, «Зерде» дәріханасы, «Бибка» және «G-arena» ойын алаңдары, «Інжу» шағын маркеті, «Дәурен» құрылыс дүкені Сексеуіл кентінде «Шұбат өндіру цехы», «Раяна» дәріханасы, «Бетон өнімдері» цехы, Жақсықылыш кентінде Май құю бекеті және кіші құс фермасы, Аққұм ауылдық округінде наубайхана, Аманөткел ауылдық округінде көлік жөндеу орталығы, Жіңішкеқұм ауылдық округінде 50 орындық жеке балабақша, Сазды ауылдық округінде шаштараз, Бөген ауылдық округінде май құю бекеті және «Ақтілек» тойханасы, Бекбауыл ауылдық округінде наубайхана, Райым ауылдық округінде Мал бордақылау алаңы өз жұмыстарын бастады.

Ағымдағы жылы жалпы құны 2,4 млрд теңгенің 31 кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған болса, бүгінгі күге 253,8 млн теңгенің 9 нысаны іске қосылып жұмыс жасауда. Бұл нысандар өз кезегінде ауданымыздың негізгі капиталына тартылатын инвестиция көлемін артып, аудан бюджетіне түсетін салық көлемін ұлғайтатын болады.


2023 жылдың  I – тоқсаны бойынша Кәсіпкерлік саласында  атқарылған жұмыстар туралы

Ауданымыз бойынша 1 наурызға күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6 307 бірлікті құрап (заңды тұлғалар – 270, дара кәсіпкер – 4787, шаруа қожалықтары - 1250), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 124,2% пайызға өсім көрсетті.

Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6062 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 149,9% пайызға өсім көрсетті.

Жыл басынан бері (қаңтар - ақпан айлары) аудандағы бөлшек сауданың көлемі 1,698 млрд. теңге, көтерме сауда көлемі 3,193 млрд. теңгеніні құрады.

Жыл басынан бері (қаңтар - ақпан айлары) өнеркәсіп орындары 4,991 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың  сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 108,3% пайызға артқан.

        Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасына Аудан әкімдігі тарапынан қосымша жалпы құны 5674,5 млн. теңге болатын, іске қосылғанда 448 азаматты жұмыспен қамтитын 5 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәлімет үшін:  

  1. «Қап өндіру» жобасы (Жоба құжаттары жинақталуда); Жоба бастамашысы - «Аралтұз» АҚ; Жоба құны – 4 млрд. теңге; Жұмыс орындары – 325 адам.
  2. «Құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіру» жобасы (Жоба құжаттары жинақталуда); Жоба бастамашысы - «Aral Quartz» ЖШС; Жоба құны – 1,1 млрд. теңге; Жұмыс орындары – 73 адам.
  3. «Мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехін ашу» жобасы (Жоба құжаттары тиісті министрлікке жолданды); Жоба бастамашысы - дара кәсіпкер «Алпысбаев Ықылас»; Жоба құны - 320 млн. теңге; Жұмыс орындары – 24 адам.
  4. «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау» жобасы (Жоба құжаттары жинақталуда); Жоба бастамашысы - «Асфур» ЖШС; Жоба құны – 166,5 млн. теңге; Жұмыс орындары – 12 адам.
  5. «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, төсеме тастар (брусчатка) өндірісі» жобасы (Жоба құжаттары тиісті министрлікке жолданды); Жоба бастамашысы - «Арал теңізі» қоғамдық қоры; Жоба құны – 88 млн. теңге; Жұмыс орындары – 14 адам.

Несиелендіру туралы

Жыл басынан бері ауданымызда несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 398,5 млн. теңгенің 49 жобасы несиелендірілді. Оның ішінде:

  • «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 81,4 млн. теңгені 16 жобасы;
  • «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 136 млн. тенгенің 7 жобасы;
  • «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны 55,9 млн. теңгенің 6 жобасы;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны125,2 млн. теңгенің  жобасы.

        Бұдан бөлек, жалпы құны 449.5 млн. теңге болатын 48 жоба қаржы ұйымдарымен мақұлданды:

  • «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 69 млн. теңгенің 5 жобасы;
  • «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 8.3 млн. теңгенің 5 жобасы;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 84.2 млн. теңгенің 12 жобасы;
  • «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 198 млн. теңгенің 26 жобасы.

       

Сондай-ақ, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында 30 жобаға 1 380 000 теңге көлемінде жалпы құны 41,4 млн. теңге болатын қайтарымсыз грант қаражаттары табысталды.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 12 айындағы көрсеткіштері

Арал ауданы бойынша Индустрия инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құны 104,4 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1317 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын 9 жоба жүзеге асырылуда:
1. «Арал сода» ЖШС-нің «Кальцилендірілген сода зауыты» құрылысы жобасы. Жоба құны - 93,5 млрд.теңге, жұмыс орындары - 700 адам.
Бүгінгі күні, аталған зауыттың орналаcу аймағына тиісті инфрақұрылымдарды жеткізу жұмыстары жүргізілде.
2. «Жак-Нур» ЖШС-нің «Титан өндіру бойынша кен байыту комбинаты» жобасы. Жоба құны - 3,3 млрд.теңге, ашылатын жұмыс орындары - 200 адам.
Қазіргі таңда, кен орынын барлау жұмыстары жүргізілуде және комбинат құрылысы 2022 жылы бастау алады деп күтілуде.
3. «Аралтұз» АҚ-ның «Үшінші испан цехін салу» жобасы. Жоба құны – 2,9 млрд.теңге, жұмыс орындары - 200 адам.
Бүгінгі күні, Құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалды. Жоба желтоқсан айында толық іске қосылады деп жоспарлануда.
4. «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-нің «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехын салу» жобасы. Жоба құны - 160 млн.теңге, жұмыс орындары - 100 адам.
2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылып, күніне 400 – 500 кг балық қабылдауда. Зауытта 25 адамды тұрақты жұмысқа орналасқан. Қосымша зауыт аумағынан балық қалдықтарынан ұн шығару цехының құрылысы аяқталып, құрылғылар сатып алынды.
5. «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау цехы» жобасы. Жоба құны – 1,53 млрд. теңге, жұмыс орындары – 35 адам.
Жоба бойынша екі ғимарат құрылысы сүт қабылдап, жинау және құрғақ ұнтақ дайындау ғымараттарын салу жоспарланған. Қазіргі таңда сүт жинақтау ғимаратының құрылысы 100% аяқталған. Құрғақ ұнтақтар шығару құралғыларының ғимараты бойынша жоба сметалық құжаттары дайындалуда. Жоба 2022 жылдың ІІ-тоқсанында (сәуірде) толық іске қосылады деп жоспарлануда.
6. «Арал» Сервистік дайындау орталығы» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және тереңнен өңдеу кешенін кеңейту» жобасы. Жоба құны – 312,5 млн. теңге, жұмыс орындары – 54 адам.
Жоба құрылысы 4 кезеңді құрайды 1-ші (Арал қаласындағы балықты тереңінен өңдеу цехі (Жұмыс орындары – 12 адам)) және 4-ші кезеңдері (Бөген ауылдық округіндегі мұздату цехі және жатақхана құрылысы (Жұмыс орындары – 10 адам)) бойынша жұмыстар толық аяқталып, іске қосылды.
7. «Aral Quartz» ЖШС-ның «Кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының құрылысы» жобасы. Жоба құны – 780 млн.теңге, жұмыс орындары - 50 адам.
Жоба бойынша құрылғыларды орнату жұмыстары 2 кезеңде жүргізу жоспарланған.
1-кезең бойынша Ресейден тиісті құрылғылар толықтай әкелініп, орнату жұмыстары жүргізілуде.
2-кезеңге сәйкес Қытайдан алынатын құрылғылар кедендік рәсімдерден өткізілуде. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде – Цех құрылысы үшін 4 гектар жер телімі берілді. Арал ауданында орналасқан Шығыс Сарышоқы, Рай және Жанпілес-2 учаскелерінде кварц құмдарын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. 27,5 млн. тонна кварц құмының қоры бар.
8. «Камыш Орда» ЖШС – нің «Қамыс өнімдерін өңдеу» жобасы. Жоба құны – 160 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 20 адам.
Қазіргі таңда, Қарашалаң елді мекенінен ұсынылған жер бойынша, жоба бастамашысымен жер ісдестіру жұмыстары жүргізілуде.
9. Халықаралық АҚҚ жане Балық шалуашылығының Қазақ ғылыми зетрреу институтының «Балық және құс өсіру» жобасы. Жоба құны - 45 млн. теңге, іске қосылғанда ашылатын жұмыс орындар саны – 20 адам.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 11 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 9,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,3 пайызға артқан. Аудан бойынша барлығы 88 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 2106 тонна балық, 120 тонна ет, 550 тонна нан және нан өнімдері, 39,6 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 9,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,3 пайызға артқан. Аудан бойынша барлығы 88 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 2106 тонна балық, 120 тонна ет, 550 тонна нан және нан өнімдері, 39,6 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 6 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 9,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,3 пайызға артқан. Аудан бойынша барлығы 88 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 2106 тонна балық, 120 тонна ет, 550 тонна нан және нан өнімдері, 39,6 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 3 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 3,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 36,2 пайызға артқан. Аудан бойынша барлығы 76,5 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 851 тонна балық, 52 тонна ет, 222 тонна нан және нан өнімдері, 16,4 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2021 жылдың 12 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 14,2 млрд теңгеден артық өнім өндірді. Аудан бойынша барлығы 707,1 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 3625 тонна балық, 260 тонна ет, 1072 тонна нан және нан өнімдері, 108,7 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 10,1 млрд теңгеден артық өнім өндірілді. Жыл басынан аудан бойынша барлығы 486,5 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 2265 тонна балық, 185 тонна ет, 746 тонна нан және нан өнімдері, 69,8 мың текше метр табиғи құм өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 5,9 млрд теңгеден артық өнім өндірілді. Жыл басынан аудан бойынша барлығы 241 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 1040 тонна балық, 113 тонна ет, 404 тонна нан және нан өнімдері, 46,9 мың текше метр кварц топырағы өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 1,3 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 101,7 пайызды көрсетуде. Жыл ішінде аудан бойынша барлығы 45,9 мың тонна тұз өнімдері өндірілді, 4,1 мың тонна балық, 46 тонна ет, 159 тонна нан және нан өнімдері, 18 мың текше метр кварц топырағы өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2020 жылдың 12 айындағы көрсеткіштері

Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 14,4 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 110,6 пайызды көрсетуде. Жыл ішінде аудан бойынша барлығы 783,6 мың тонна тұз қазылып, 219,1 мың тонна йодталған тұз, 5,4 мың тонна балық, 240 тонна ет, 788 тонна нан және нан өнімдері,92,4 мың текше метр кварц топырағы өндірілді.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіштері

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі10 401 86мың теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,7% орындалып отыр.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 7 909 145 мың теңгені құрап, 106,4 % құрады.
Республикамыздағы ірі өнім өндіруші кәсіпорынға Арал ауданы Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ –ның «Ас тұзы және техникалық тұз өндіру» зауыты жатады.


Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша 2020 жылдың І жарты жылдығындағы көрсеткіштері


Ағымдағы жылдың қаңтар – мамыр айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5 919 207 мың теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,8 пайызға орындалып отыр.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 4 562 985 мың теңгені құрап, 94,0 пайызды құрады.
Республикамыздағы ірі өнім өндіруші кәсіпорынға Арал ауданы Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ –ның «Ас тұзы және техникалық тұз өндіру» зауыты жатады.

Дата публикации
12 июля 2020
Дата обновления
09 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы