
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Арал ауданының аумақтық сайлау коммиссисының төрағасы Нұрбек Зағатовтың «Толқын» басылымында арнайы мақаласы жарыққа шықты.
*Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты.
* «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тікелей сайлауын өткізу тәртібі регламенттеледі.
* Жаңа 2024 жылдан бастап Арал ауданы бойынша аудандық сайлау комиссиясының 7 мүшесі, 56 сайлау учаскенің 336 мүшесі 5 жыл мерзімге жаңадан сайланды.
* Ауыл және кент әкімдерін тікелей сайлау биыл да жалғасады. 2024 жылдың жоспарына сәйкес Арал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауын биылғы жылдың31наурызында тағайындалды.