
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Соған сәйкес, Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспар және Жолдауды халық арасында насихаттау бағытында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, Жолдауды насихаттау және түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық топтар құрылды. Топ құрамына мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.
Жолдау жарияланғаннан бері БАҚ өкілдері, ҮЕҰ өкілдері мен аудан жастары арасында Жолдауды түсіндірумақсатында ауданға қарасты барлық қала, кент, ауылдық округтерде халықпен кездесулер ұйымдастырылды.
Президент Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 32 билборд орналастыру жұмыстары жүргізілді. Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы әлеуметтік желідегі парақшаларда, аудандық «Толқын» және «Арал әлемі» газеттеріндеЖолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы47 мақала жарық көрді. Мұнымен бірге әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда күнделікті ақпарат жариялануда.