
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 09 тамыздағы №АСК-234 қаулысымен Атанши ауылдық округі шекарасында Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Арал аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 09 тамыздағы №АСК-235 қаулысымен Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалды.
Бекітілген Атанши ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 10 тамыздан басталады және 2023 жылғы 23 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 28 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
Арал аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120100, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі, №27, байланыс телефондары: 2-23-13, электронды поштасы aral-saylau@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral?lang=kk.
Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Загатов Нурбек Нуртаевич - төраға, Жиеналиев Адилжан Акадилович – төраға орынбасары, Сатекеева Лиза Касымовна - хатшы, мүшелері: Измагамбетов Байнур Жомартович, Азбергенов Ануар Мырзабекович, Абиева Акжаркын Енсепбаевна, Тажимбетова Гулхамар Жупановна.
№3 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Атанши ауылдық округі, Жіңішкеқұм ауылы, Жіңішкеқұм көшесі №97, “Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданы бойынша білім бөлімінің «№230 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Жіңішкекұм, Атанши ауылдары.
Телефоны: 8(72433) 44-3-19, эл почта: 230@mail.kz.
№3 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Тулебаев Тойбазар – төраға, Арипов Амангелды Шынбергенович – төраға орынбасары, Есдаулетов Тасбулат – хатшы, мүшелері: Ахметалиева Кулайхан Салимовна,Асанов Куанар Умирзакович.
Арал ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы