Лого

Меню

Страницы

Статья

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №АСК-228 қаулысымен Жетес би ауылдық округі шекарасында Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 3-тармағына сәйкес, Арал аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №АСК-229 қаулысымен Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 3 қыркүйекке тағайындалды.

Бекітілген Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 27 шілдеден басталады және 2023 жылғы 09 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2023 жылғы 14 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.

Арал аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120100, Арал қаласы, Қ. Ерімбет көшесі, №27, байланыс телефондары: 2-23-13, электронды поштасы aral-saylau@mail.kz, интернет-парақшасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral?lang=kk.

Арал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Загатов Нурбек  Нуртаевич - төраға, Жиеналиев Адилжан Акадилович – төраға орынбасары, Сатекеева Лиза Касымовна - хатшы, мүшелері: Измагамбетов Байнур Жомартович, Азбергенов Ануар Мырзабекович, Абиева Акжаркын Енсепбаевна, Тажимбетова Гулхамар Жупановна.

№16 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Жетес би ауылдық округі, Райым ауылы, Райым көшесі №30, “Жетес би ауылдық округі әкімі аппаратының «Райым ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. Телефоны: 8(72433) 40-2-50, эл почта: saylaukz_16_raim@mail.kz.

№16 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Бимаханов Серик Жумаханович – төраға, Абдрахманов Каскырбай Турганбаевич  – төраға орынбасары, Сарсенов Азберген – хатшы, мүшелері: Қуатбаев Ұзақ Жұбатқанұлы, Нысанбаев Аралбай Кайнадинович. 

 

Арал ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 июля 2023
Дата обновления
26 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы