
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Арал ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Аудан бойынша білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы» Аудан бойынша білім бөлімінің басшысы Жанназарова Санира Нұрқожақызы баяндады.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі С. Сермағамбетов заң талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін айтып, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.