Лого

Меню

Страницы

Статья

Арал ауданы бойынша қала құрылыстық құжаттамалары бойынша ақпарат

Арал ауданы бойынша 48 елді мекен бар, оның ішінде халық саны 5000-нан жоғары Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерінде бас жоспары, 22 елді мекенде даму сызбалары әзірленіп бекітілген. Сонымен қатар халық саны 50 ден жоғары 14 елді мекенге даму сызбаларын әзірлеуге 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Сондай ақ Арал ауданы бойынша әзірленген қала құрылыстық құжаттардың (бас жоспар, егжей тегжейлі жоспарлау жобалары) векторлық форматтағы электронды түрлері облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылды. Сонымен қатар жер асты және жер үсті инженерлік желілерін түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал қаласының құрылыс салынған 2023 жылы  678 га, 2024 жылы 533 га жер аумағының түгендеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы Сексеуіл кентінің құрылыс салынған 635 га жер аумағына түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы облыстық бюджеттен Арал қаласының бас жоспарына түзету жұмысына 51,553 млн (оның ішінде 2,441млн мемлекеттік сараптама) теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының нәтижесімен бас мердігер: «Қазахстанпроект» жшс, қосалқы мердігер: «Қазгипроград» 1 жобалау институты жшс жеңімпаз деп танылды. Келісім шарт құны 44 200 596,97 теңге.  Бүгінгі таңда қала құрылысы жобасы дайындалып, құзырлы келісімдеуші мекемелерден келісімі алынды. Сонымен қатар, арал қаласының бас жоспарына әзірленген 1:2000 масштабтағы 3347 га алаңдағы WGS-84 координаталық жүйесіндегі топотүсірілім материалдарын «мемқалақұрылысыкадастры» рмк-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 2025 жылы 08 қаңтарда тіркелді.

Қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы «мемсараптама» рмк-дан өту жөнінде тапсырма берілді. Осыған орай «мемсараптама» рмк-дан кешенді сараптамаға дейінгі құжаттарды жинақтау (комплектация) тексеруден өткізіліп, мемлекеттік кешенді сараптамаға ұсынылды .

Дата публикации
24 марта 2023
Дата обновления
29 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы