
Арал аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Арал аудандық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясы шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104,105-баптарына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында Арал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Алданов Асылан Ақниязұлының өз кандидатурасын кері қайтарып алу жөніндегі өтінішіне сәйкес, кандидатты тіркеу жөніндегі №4 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімінің күші жойылды.