Лого

Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі

Білім саласы бойынша 2026 жылы IIІ-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

Қазіргі таңда аудан бойынша 54 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 мемлекеттік балабақша, 29 жекеменшік балабақша және мектеп жанынан ашылған 10 толық күнді шағын орталық бар. Аталған ұйымдарда 4506 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 613 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 401 педагогтің жоғары білімі, 212 педагогтің арнаулы орта білімі бар. 401 педагогтің біліктілік санаты бар, оның ішінде: педагог-зерттеуші – 12, педагог-сарапшы – 98, педагог-модератор – 291.

2026–2027 оқу жылында білім бөліміне қарасты 48 мектепте және облыстық білім басқармасына бағынысты №2 облыстық мектеп-интернат-лицейін қоса алғанда, 1–11 сыныптарда барлығы 17 477 оқушы білім алуда.

2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдануы тиіс 1763 баланың барлығы 100 пайыз электронды форматта қабылданды.

Мектептерде барлығы 2493 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде қалалық 10 мектепте – 963, ауылдық 39 мектепте – 1530 педагог жұмыс істейді. Педагогтердің 2407-сі жоғары білімді, 86-сы арнаулы орта білімді.

Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша: педагог-шебер – 4, педагог-зерттеуші – 415, педагог-сарапшы – 795, педагог-модератор – 911, санаты жоқ – 368.

Қазіргі уақытта біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі 85 пайызды құрайды. Соңғы үш жылда 2493 педагогтің барлығы біліктілікті арттыру курстарынан толық өтті.


Білім саласы бойынша 2026 жылы ІI-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

Үстіміздегі жылдың VI тоқсаны бойынша 20 мамырдағы есепке сәйкес, білім бөліміне қарасты 49 мектепте (№2 ОММЛИ қоса алғанда) 1–11 сыныптарда 17 491 оқушы білім алуда, сондай-ақ мектепалды даярлықта 989 тәрбиеленуші қамтылған.

ҰБТ туралы:

Биылғы оқу жылында бітіруші түлектер саны – 1092. Оның ішінде І лек ҰБТ-ға 777 оқушы қатысуға өтініш берсе, ІІ лек бойынша 774 оқушы қатыады деп жоспарлануда.

Наурыз айының қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 139 (№62 мектеп-лицей оқушысы), ал ең төменгі балл – 33 (№63 мектеп оқушысы).

Қаңтар айындағы ҰБТ-да ең жоғары балл – 132 (№262 мектеп-гимназия), ең төменгі балл – 31 (№2 ОММЛИ).

120 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:

№262 мектеп-гимназия – 132 балл;

№13, 262 мектептері – 127 балл;

№83, 263, 262 мектептері – 125 балл;

№20, 260 мектептері – 126 балл;

№87 – 122 балл;

№231 мектеп – 123 балл.

100 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 109 оқушы.

Оның ішінде:

№262 мектеп-гимназия – 18 оқушы;

№220 мектеп – 11 оқушы;

№13 мектеп – 8 оқушы;

№62 мектеп – 7 оқушы;

№14, 83 мектептері – 5 оқушыдан.

Білім сапасы:

1-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 57 %  

2-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,7 %  

3-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %

4-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %

БАЛАЛАР ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ

«Келешек мектеп» жобасы аясында пайдалануға берілген Арал қаласындағы № 292 орта мектеп, Сексеуіл кентіндегі №294 орта мектепте  қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылып, оқу кабинеттері 100 пайыз жабдықталған. Кеңжолақты интернет қызметімен қамтылуы - 100 мбит/с, мектепішілік компьютерлік желінің оқу кабинеттерін қамту үлесі - 100% құрайды. Аталған екі білім еру мекемесінде ІІ-ауысыммен әрқайсысында 600 баладан білім алуда.


Білім саласы бойынша 2026 жылы І-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

Үстіміздегі жылдың III тоқсаны бойынша 30 наурыздағы есепке сәйкес, білім бөліміне қарасты 49 мектепте (№2 ОММЛИ қоса алғанда) 1–11 сыныптарда 17 491 оқушы білім алуда, сондай-ақ мектепалды даярлықта 989 тәрбиеленуші қамтылған.

ҰБТ туралы:

Биылғы оқу жылында бітіруші түлектер саны – 1094. Наурыз айындағы сынама тестілеуге 803 оқушы қатысып, қатысу көрсеткіші 71,5%-ды құрады. Орташа балл – 75,8.

Қаңтар айында 855 оқушы қатысып, орташа балл 73,2 болған.

Ең жоғарғы орташа балл көрсетіп отырған мектептер

  • №248 ом 6 оқушы орташа балл 98,3
  • №263 ом 6 оқушы орташа балл 89,25
  • №67, 87, 200 ом орташа балл  85-88

Наурыз айының қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 139 (№62 мектеп-лицей оқушысы), ал ең төменгі балл – 33 (№63 мектеп оқушысы).

Қаңтар айындағы ҰБТ-да ең жоғары балл – 132 (№262 мектеп-гимназия), ең төменгі балл – 31 (№2 ОММЛИ).

120 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:

№262 мектеп-гимназия – 132 балл;

№13, 262 мектептері – 127 балл;

№83, 263, 262 мектептері – 125 балл;

№20, 260 мектептері – 126 балл;

№87 – 122 балл;

№231 мектеп – 123 балл.

100 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 109 оқушы.

Оның ішінде:

№262 мектеп-гимназия – 18 оқушы;

№220 мектеп – 11 оқушы;

№13 мектеп – 8 оқушы;

№62 мектеп – 7 оқушы;

№14, 83 мектептері – 5 оқушыдан.

Білім сапасы:

1-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 57 %  

2-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,7 %  

3-ші тоқсан қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 60,8 %

Жалпы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша аудандық орташа көрсеткіш – 58,5%.

БАЛАЛАР ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ:

Аудандағы 5 білім беру ұйымында (№№71, 82, 220, 237, 262 орта мектептерде) 569 бала мектеп балансындағы автокөліктермен тасымалданса, қаладағы №64 орта мектептің ерекше білім беруді қажет ететін 23 баласын және Қаратерең ауылдық округіне қарасты Тастақ ауылынан 44 баланы № 82 орта мектепке тасымалдау үшін мемлекеттік сатып алудың келісім-шартымен жалдамалы автокөліктер ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Жалғызағым бекетіндегі бастауыш мектептің жабылуына сәйкес бастауыш сыныптың 18 оқушысын Арал қаласындағы №260 орта мектепке тасымалдау үшін келісім-шартымен жалдамалы автокөлік ұйымдастырылды.

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ:

«Келешек мектеп» жобасы аясында пайдалануға берілген Арал қаласындағы № 292 орта мектеп, Сексеуіл кентіндегі №294 орта мектепте  қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылып, оқу кабинеттері 100 пайыз жабдықталған. Кеңжолақты интернет қызметімен қамтылуы - 100 мбит/с, мектепішілік компьютерлік желінің оқу кабинеттерін қамту үлесі - 100% құрайды.Аталған екі білім еру мекемесінде ІІ-ауысыммен әрқайсысында 600 баладан білім алуда.


Білім саласы бойынша 2025 жылы ІV-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

1.2025-2026 оқу жылы бойынша 1-11 сынып аралығанда білім алатын оқушы саны - 17 487.

2.Былтырғы 2024-2025 оқу жылында жалпы саны 1091 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде Ұлттық Біріңғай Тестілеуге 796 оқушы қатысса, грант конкурсына 647 оқушы өтінім берген. Ең жоғарғы балл – 134. Орташа балл 84,8%. Талапкерлердің ішінде 448 түлек мемлекеттік грант иегері атанып, көрсеткіш 72% құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.

3.Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.

4.Жаңа 2025-2026 оқу жылында Сексеуіл кентінен 300 орындық келешек мектебінің (№294 ом) және Тоқабай елді мекенінен 100 орындық (№248 ом) жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып пайдалануға берілді.

5.Ауданда 2025-2026 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 1-11 сынып аралығынадағы 5334 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

6.Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.

7.Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі  АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы  №278 IT мектебімен меморондумға отырды.

8.Биылғы жылы ауданда 1-10 сынып аралығындағы  16448 бала сауықтырумен, мектепішілік, мектептен тыс лагерлермен, үйірмелермен, экскурсиялар және көгалдандандыру жұмысымен қамтылды. Оның ішінде, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылған отбасынан 715 бала, кәсіподақ есебінен 50 бала барлығы 765 бала қамтылды.   

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімдері жасалып, қазіргі таңда аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының 1196 баласына 14 млн. 816 мың  теңгеге мектепке қажетті сөмке, оқу формасы, оқу құралдарынан көмектер жасалды. Бұл акция тоқтаусыз жалғасын табады. 

Биылғы оқу жылы қарсаңында міндетті оқу қоры есебінен мектепке қажетті оқу формасы, сөмке оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасынан 5334 бала есепке алынды. Аталған қор есебінен аталған балаларға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.

9.Биыл ауданымызда осы ұлы ұстаным нақты іске айналып, бірқатар жаңа білім ордалары ел игілігіне берілді. Бұл – тек жаңа ғимараттардың ашылуы ғана емес, мыңдаған баланың үмітін оятқан, ертеңге деген сенімді күшейткен тарихи қадам.

Аудан орталығы мен Сексеуіл кентінде бой көтерген еңселі 300 орындық №292(3 млрд. 837 млн. 305 мың тг) және №294(3 млрд. 729 млн. 532 мың тг.) «Келешек мектептері» – шын мәнінде болашаққа салынған берік көпір. Заманауи талаптарға сай салынған сәулетті ғимараттар кең, жарық сыныптарымен, зертханалық кабинеттерімен және жаңа технологиялық жабдықтарымен ерекшеленеді. Бұл мектептерде әр бала өз арманын айқындап, білім көкжиегін кеңейтуге толық мүмкіндік алады. Ең бастысы, осы игілікті жобалардың нәтижесінде ауданымыздағы үш ауысымдық оқу мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Бұл – ата-анаға шаттық, ұстазға жеңілдік, шәкіртке сапалы білімге бастар даңғыл жол.

Жаңа серпін ауылдарға да жетті. Ұлттық жоба аясында салынған мектептерден бөлек, ауылдық елді мекендерде де жаңа білім ордалары бой көтерді. Ақшатау елді мекенінде көп жылдан бері ескі әрі тар ғимаратта оқып келген оқушылар биыл су жаңа №291 (250 млн. тг) орта мектептің табалдырығын аттады. 60 орынға арналған бұл мектеп демеушілердің қолдауымен салынып, толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталды. Енді ақшатаулық оқушылар кең, жарық сыныптарда алаңсыз білім алуға мүмкіндікке ие болды.

Тоқабай елді мекенінде де көптен күткен қуанышты сәт туды. Мұнда 100 орындық жаңа №248 орта мектеп пайдалануға беріліп, ауыл өміріне ерекше серпін сыйлады. Жаңа мектеп тек сәулетті ғимаратымен ғана емес, толық жаңартылған материалдық-техникалық базасымен де ерекшеленеді. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған бұл білім ордасы ауыл балаларына қаладағы құрдастарымен тең дәрежеде білім алуға кең мүмкіндік ашты.

Одан бөлек, ғасырдан астам тарихы бар №14 мектептің бастауыш сыныбы орналасқан ғимараттары да қайта жаңғырып, күрделі жөндеуден өтті. Тарих пен тағылым тоғысқан бұл білім ордасы уақыттың сынына төтеп беріп, бүгінгі жас ұрпаққа есігін бұрынғыдан да кең ашты. Жаңартылған мектеп – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпірдей әсер қалдырады.

Сондай-ақ №62, №19, №262, №263 және №177 мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді. Үнемделген қаржыларды тиімді пайдалану арқылы бұл білім ошақтарының шатыры жаңартылып, қабырғалары әрленіп, терезелері ауыстырылды. Жарық сыныптар, жылы дәліздер мен қауіпсіз орта – бүгінгі оқушыға жасалған маңызды қамқорлықтың көрінісі.

Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Келер жылы Мергенсай елді мекенінде 100 орындық жаңа «Келешек мектебінің» пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Бұл – аудан білім беру жүйесінің дамуы тұрақты түрде жалғасып келе жатқанын айқын аңғартады.

Жаңа мектептер – жаңа мүмкіндіктер мекені. Осы білім ордаларынан түлеп ұшқан шәкірттер ертең ел тізгінін ұстайтын, ұлттың үмітін арқалайтын азамат болып қалыптасары сөзсіз.


Білім саласы бойынша 2025 жылы ІІІ-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

  1. Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
  2. Жаңа 2025-2026 оқу жылында Сексеуіл кентінен 300 орындық келешек мектебінің (№294 ом) және Тоқабай елді мекенінен 100 орындық (№248 ом) жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып пайдалануға берілді.
  3. Ауданда 2025-2026 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 1-11 сынып аралығынадағы 5334 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
  4. Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.
  5. Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі  АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы  №278 IT мектебімен меморондумға отырды.
  6. Биылғы жылы ауданда 1-10 сынып аралығындағы  16448 бала сауықтырумен, мектепішілік, мектептен тыс лагерлермен, үйірмелермен, экскурсиялар және көгалдандандыру жұмысымен қамтылды. Оның ішінде, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен аз қамтылғанотбасынан 715 бала, кәсіподақ есебінен 50 бала барлығы 765 бала қамтылды.   

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімдері жасалып, қазіргі таңда аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының 1196 баласына 14 млн. 816 мың  теңгеге мектепке қажетті сөмке, оқу формасы, оқу құралдарынан көмектер жасалды. Бұл акция тоқтаусыз жалғасын табады. 

Биылғы оқу жылы қарсаңында міндетті оқу қоры есебінен мектепке қажетті оқу формасы, сөмке оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасынан 5334 бала есепке алынды. Аталған қор есебінен аталған балаларға бір реттік қаржылай көмек көрсетілді.


Білім саласы бойынша 2025 жылы ІІ-ТОҚСАНЫНДА атқарылған жұмыстар

1.Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.

2.Ауданда 2025 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 5-11 сынып аралығынадағы 3444 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

3.Арал қаласындағы “Арай” мөлтек ауданынан 300 орындық жайлы мектептің (№292 ом), Ақшатау бастауыш мектебі (60 орындық) мен Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Жалаңаш елді мекенінде 150 орындық орта мектептің құрылысы басталды.

4.2025 жылдың 16 маусым-4 шілде аралығында №262 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №666 тест орталығында ҰБТ өтуде. Тестілеуге ауданда бітіруші 1091 бала болса оның 809 бала (75%) қатысуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.

5.«Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері ауданымызда 9 мектепте яғни №13,№14, №62,№83,№220,№262,№19,№177,№231 орта мектептері және келесі жылға жоспарда №64, №71, №260 мектептердің кіре берістегі  яғни турникетке  балалардың кіріп-шығуын бақылайтын құрылғысын орнатты және асхана блогтарына сенсорлы моноблоктары орнатылды. Өнім беруші "Транстелеком" акционерлік қоғамы.  Тауардың жалпы сомасы, соның ішінде ҚҚС, 12 298 500.00 тенге.

6.2025 жылы қаңтарда Қаратерең елді мекенінен 75 орындық «Іңкәр» жеке бөбекжай-бақшасы, сәуір айында Аралқұм елді мекенінде 40 орындық «Айым-Ана» бөбекжай-бақшасы ашылды.

7.Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.

8.Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы  №278 IT мектебімен меморондумға отырды.

9.Аудан бойынша ағымдағы оқу жылында 1017 оқушы түрлі облыстық, республикалық байқауларға қатысып, оның 47-і пәндік олимпиада, 379-ы танымдық ойындар, 412 – і спорттық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, 192 педагог қызметкер облыстық, республикалық байқауларға қатысып, оның 63-і жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, республикалық «Абай оқулары» байқауында № 263 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Гүлбақыт 3-орын, № 71 орта мектептің 10-сынып оқушысы Алдабергенова Айша республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасынан 2-орын иеленді. № 262 мектеп – гимназияның психолог маманы А.Тәжібаева республикалық «Үздік жыл психологы» байқауынан 3-орын, осы мектептің математика пәнінің мұғалімі Төлебаев Мұқан республикалық «Дарынды балаға талантты ұстаз» байқауынан 2-орын, № 292 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сағындық Айжан «Математикалық регата» сайысынан бас жүлдені иеленді. № 62 мектеп-лицейдің екі мұғалімі «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП-50 финалисті атанса, № 220 орта мектеп республикалық «Үздік 100 мектеп» қатарынан көрінді.

  1. Пән мұғалімдерінің соңғы 3 жыл ішінде 95 пайызы (1495) біліктілік арттыру курсынан өткен болса, оның ішінде ағымдағы жылы 683 мұғалім білімдерін жетілдіріп отыр.
  2. Мектеп директорларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. барлық мектеп басшылары өз пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіп, мектептің даму бағдарламасы аясында жоспарлаған жеке жобаларын қорғады.
  3. Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында «Ұстаздар галлереясы» ашылды.
  4. 220 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, облыстық олимпиаданың екі мәрте жүлдегері Еркеназ Мәдиқызы Халықаралық IЕLTS емтиханын сәтті тапсырып, 8.0 балл жинады. Аудан тариханда мектеп оқушылары арасында алғаш рет жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртіміз тілді меңгеру деңгейін растайтын С1 сертификатын иеленді.
  5. 2024-2025 оқу жылында 11-сыныпты аяқтаған бітірушілер саны-1091. Алтын белгі иегерлері саны-59. Үздік аттестат иегерлері саны-88.
  6. Алматы қаласында Сәтпаев университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «School Goding Cup 2025» әлеуметтік жобасының қорытынды кезеңінде №82 орта мектеп оқушысы Шархан Нұрбек Ержанұлы және №87 орта мектеп оқушысы Бақберген Аружан Бауыржанқызы қатысып, Сәтпаев университетінің грантын жеңіп алды. №220 орта мектеп оқушысы Нәбиқызы Еркеназ Сүлеймен Демирелі университетінің ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға қатысып, университет грантын жеңіп алды.
  7. 2025 жылға бөлінген қаржы 29 млрд 635 млн 406 мың теңге.

Осы қаржыдан жанбасынан қаржыланып отырған қаланың 10 мектебіне материалдық техникалық базаны нығайтуға 131 млн 949 мың теңге берілді.

2025-2026 жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтуға 181 млн 604 мың теңге (оның ішінде  оқулықтарды тасымалдауға 2млн 724,0 мың теңге) бөлінді.

Қаладағы №14 мектеп-лицейінің көне ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 427млн 310,0 мың теңге, ағымдағы жөндеуге №263 орта мектебіне ғимараттың сыртын қаптауға 38 млн 813,0 мың теңге, №62 мектеп-лицейіне ғимараттың сыртын қаптауға 80 млн, №177 орта мектебіне ғимараттын шатырын ауыстыруға 28 млн теңгеге жұмыстар жүргізілуде.


Білім саласы бойынша 2025 жылы І-ТОҚСАНДАҒЫ атқарылған жұмыстар

  1. Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
  2. Ауданда 2025 жылы Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 1-11 сынып аралығынадағы 3444 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
  3. Арал қаласындағы “Арай” мөлтек ауданынан 300 орындық жайлы мектептің (№292 ом), Ақшатау бастауыш мектебі (60 орындық) мен Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

5.2025 жылдың қаңтар-ақпан айында ақылы негізде №262 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №666 тест орталығынан алынған нәтиже бойынша, ауданда бітіруші 1093 бала болса оның 899 бала қатысып (82,2%) орташа балл 70 пайыз болса, 2025 жылдың 25 наурыз -5 сәуір айында ақылы негізде ауданда бітіруші 1093 баланың 839 бала (77%) қатысуға ниет білдіріп отыр.

 Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.

6.«Әлеуметтік әмиян» арқылы тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері ауданымызда 9 мектепте  яғни №13, №14, №62, №83, №220, №262, №19, №177, №231 орта мектептері және келесі жылға жоспарда №64, №71, №260 мектептердің кіре берістегі яғни турникетке  балалардың кіріп-шығуын бақылайтын құрылғысын орнатты және асхана блогтарына сенсорлы моноблоктары орнатылды. Өнім беруші "Транстелеком" акционерлік қоғамы. Тауардың жалпы сомасы, соның ішінде ҚҚС, 12 298 500.00 тенге.

  1. 2025 жылы қаңтарда Қаратерең елді мекенінен 75 орындық «Іңкәр» жеке бөбекжай-бақшасы ашылды
  2. Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылған.
  3. Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында оқушыларды тігіншілік пен аспаздықты үйрететін оқу-өндірістік шеберханалары ашылды. Сондай-ақ аталмыш жоба аясында білім беру мекемесі  АИТК, АКК және Қызылорда қаласындағы  №278 IT мектебімен меморондумға отырды.

10.Елордада 8-11 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан Республикалық ғылыми жобалар байқауынан 57 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Данагүл Нұралы “Өлкетану” секциясы бойынша үздік үштікті қорытындылады.

  1. облыстық ұлттық ойындар спартакиадасы тартысты додадан ауданымыз үшін табысты түйінделді. Спорттың 11 түрінен өткізілген жарыста шәкірттеріміз қарсылас шақ келтірмей жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
  2. Алматы қаласында өткізілген «Үздік жыл психологі» Республикалық байқауы №262 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Айнұр Тәжібаева жүлделі үшінші орынды иеленді.
  3. Мектеп директорларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. барлық мектеп басшылары өз пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіп, мектептің даму бағдарламасы аясында жоспарлаған жеке жобаларын қорғады.
  4. Аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясында «Ұстаздар галлереясы» ашылды.
  5. 220 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, облыстық олимпиаданың екі мәрте жүлдегері Еркеназ Мәдиқызы Халықаралық IЕLTS емтиханын сәтті тапсырып, 8.0 балл жинады. Аудан тариханда мектеп оқушылары арасында алғаш рет жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртіміз тілді меңгеру деңгейін растайтын С1 сертификатын иеленді.
  6. Щучинск қаласында өткізілген 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы өз мәресіне жетті. Бәсі биік білім бәйгесіне ауданымыздан аттанған №60 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Айару Дулатқызы «Гуманитарлық» бағыт бойынша 2 орынды иеленіп, Сыр өңірінің мерейін үстем етті.
  7. Облыс орталығында әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген «Мерген ару - 2025» облыстық сайысынан Аудан оқушылары жалпы командалық есепте І орын иеленді.

Аудандағы білім беру саласында 2024 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейді

  1. Биыл салаға бөлінген қаржы 27 млрд 257 млн 188,4 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 8 %-ға артты.
  2. Жаңа модификацияланған пән кабинеттермен жабдықтау 5 STEM кабинеті (№21,22,60,248,265) 4 химия кабинеті (№18,65,87,220), 2 физика (№200,220), 2 биология (№76,227) жалпы 13 жаңа кабинетпен жабдықталды.
  3. Аудан мектептерін кең жолақты интернет желісімен - 100 пайыз қамтылды оның ішінде биыл 2024 жылы алыс шалғай елді мекендерде орналасқан 16 мектеп СтарЛинк желісіне қосылды.
  4. Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасын табуда, биылғы 2024 жылы көлемінде 161 тақта, 1155 парта және 84 интерактивті панельдер алынды.
  5. Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
  6. Ыстық тамақ бойынша: 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 100 пайыз және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 1-11 сынып аралығынадағы 5288 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
  7. Арал қаласындағы “Арай” мөлтек ауданынан 300 орындық жайлы мектептің (№292 ом), Ақшатау бастауыш мектебі (60 орындық) мен Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің құрылысы аяқталды, 2025 жылдың бірінші декадасында пайдалануға беріледі.
  8. Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты Арал қаласындағы Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия базасында тестілеу (№666) пункті ашылды. Аудан мектептерінің оқушыларының аудан көлемінен шықпай тестілеуге қатысуына мүмкіндік туындады.
  9. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен, мемлекеттік грант конкурсына қатысқан – 681 оқушының 82 пайызы мемлекеттік грант иеленді.
  10. Ұлттық бірыңғай тестілеу орташа балл көрсеткіші - 84 балл құрады, ауданымыз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен облыста алғашқы үштіктен түспей келеді.
  11. “Қазақстан ұстазы” премиясының 50 үздік ұстаз қатарына ауданымыздың 2 педагогы енді. Олар №62 мектеп-лицейдің ұстаздары Кикбаев Алтынбек пен Баймаханова Гулсара.
  12. Ауданымыздың 13 оқушысы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегері болды. Облыстық кезең жеңімпаздары - 56.
  13. Ауданымыздың шебер ұстаздары №14 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қонарова Жанна мен №83 орта мектептің биология пәні мұғалімі Әбдіқалықова Достықгүл “Ы.Алтынсарин” төсбелгілерімен марапатталды. Cонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардан 9 педагогіміз, облыстық жарыстардан - 21 мұғалім жүлделі орын иеленді.
  14. Облыс әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған “Сыр лигасы” облыстық байқауынан Арал ауданы командасы І орын иеленіп, 5 млн 230 мың тг сыйақы иеленді.
  15. Биыл ауданда 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылып, 2-6 жастағы балалар 84,5 пайызды құрап отыр.
  16. «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын ауданда жүзеге асыру жөнінде жол картасы әзірленіп, «Балабақша – өсіп жетілудің жайлы мекені» бөлімі бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, өз нәтижесін беріп келеді. Соның ішінде әрбір бала дамуының жеке траекториясын құру бағыты бойынша 2024-2025 жылдарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму бағыттары анықталып, бейін бойынша «құзіреттілік орталықтар» желісі қалыптастырылды.
  17. Қазіргі таңда, Арал қаласындағы «Сартай» бөбекжай-бақшасы «ІТ балабақша» жобасы, Арал қаласындағы «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы мен Жалаңаш елді мекеніндегі «Желкен» бөбекжай-бақшасы «Жасыл балабақша» жобасы, Арал қаласындағы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы «Балабақша театры» жобасы, Арал қаласындағы «Алтын балық» бөбекжай-бақшасы «Ұлттық құндылықтар бағытындағы білім беру» жобасы бойынша жасақталды.
  18. 2025 жылы Қаратерең елді мекенінен 75 орындық «Іңкәр» және Аралқұм елді мекенінен 40 орындық «Айым-Анам» жеке бөбекжай-бақшасы ашылады деп жоспарлануда.
  19. Қадамдық жоспарды орындау және 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту мақсатында Арал қаласынан - 3, Шижаға елді мекенінен - 1 жеке бөбекжай-бақша ашылып, пайдалануға берілді.

Аудандағы білім беру саласында 2024 жылдың ІІІ тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейді

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 17 мемлекеттік балабақша, 29 жеке балабақша, 14 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
         17 мемлекеттік балабақшада – 1997 бала, 29 жеке балабақшада - 2060 бала, 14 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 389 бала қамтылған.
         Мектептердегі мектепалды даярлық топтарда 5-6 жастағы – 1053, бастауыш сыныптарында – 6654 бала қамтылып отыр. Жалпы аудандағы 2-6 жастағы бүлдіршіндердің қамтылу деңгейі 88 пайыз болса, 3-6 жастағы бүлдіршіндер толықтай қамтылып отыр.


Аудандағы білім беру саласында 2024 жылдың ІІ тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы төмендегіше мәлімдейді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 625 педагог жұмыс жасайды, оның 294-і түрлі деңгейдегі кәсіби біліктілік санатына ие педагог-зерттеуші – 5; педагог-сарапшы – 58; педагог-модератор - 231).

2024 жылы Арал ауданындағы Шижаға елді мекенінен 145 орындық «Аяулым» жеке бөбекжай бақшасы мен Арал қаласынан 95 орындық «Айгөлек» жеке бөбекжай бақшасы ашылып ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 17 балабақшаның барлығы да логопедиялық кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етілген, 12 балабақшада арнайы логопед маманы жұмыс жасайды. Балабақшалар бойынша логопедиялық пунктке 100 бала қамтылып отыр.


Арал ауданы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмысы туралы ақпарат.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісі туралы: Аудандағы 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысымен 4251 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оның ішінде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 93,5 пайызды құраса, ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен толықтай қамтылып отыр. Соңғы 3 жылдың ішінде жекеменшік балабақшалар желісі 12 бірлікке өсті (2021 жыл – 5 бірлік, 2022 жыл – 5 бірлік, 2023 жыл – 2 бірлік).

2023 жылы Жіңішкеқұм ауылынан 25 орындық «Еркесұлу» жеке бөбекжай-бақшасы, Қамыстыбас ауылынан 130 орындық «Жансая» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Шижаға елді мекенінен 145 орындық «Аяулым» жеке бөбекжай-бақшасы, Арал қаласынан 90 орындық «Aigolek» жеке бөбекжай-бақшасы және арнайы, ерекше күтімді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 50 орындық инклюзивті жеке бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Аманөткел елді мекенінен 90 орындық «Зере» жеке бөбекжай-бақшасына қосымша 45 орынға арналған ғимарат құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 625 педагог жұмыс істейді, ағымдағы жылы 162 педагог біліктілікті арттыру курстарына қамтылды. 

Қазіргі таңда инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар бойынша 18 балабақшаның барлығы да логопедиялық кабинет жабдықтарымен қамтамасыз етілген, 13 балабақшада арнайы логопед маманы жұмыс жасайды, қалған 5 балабақшаны маманмен қамтуға білім басқармасына сұраныс берілді. Балабақшалар бойынша логопедиялық пунктке 100 бала қамтылып отыр.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жыл көлемінде атқарылған жұмыстар

Арал ауданы бойынша 61 мектепке дейінгі ұйымда (18 мемлекеттік балабақшада – 2100, 25 жекеменшік балабақшада  - 1672, 18 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталықта – 560) 4332 бүлдіршін тәрбиеленуде.

2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 93,5 пайызды құраса, ал 3-6 жастағы бүлдіршіндер толықтай қамтылып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы 4332 балаға бөлінген, оның ішінде қалада – 2200, ауылда – 2132 бала.

2023 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы әдістеме бойынша қалада 57079 теңге, ауылда 61823 теңге, ата-ана төлем 5000-нан 8000-ға дейін (Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысы)

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру мақсатында ауданда мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың 2021-2025 жылдарға арналған кезеңдік жоспары әзірленіп, бекітілді.

Соңғы үш жылда аудан бойынша 12 жеке балабақша, 728 орын ашылып, пайдалануға берілді.  Атап айтар болсақ, 2021 жылы балабақшасы жоқ Қарашалаң ауылынан 40 орындық «Тамырлан» жеке балабақшасы, Жақсықылыш кентінен 40 орындық «Күншуақ» жеке балабақшасы, Арал қаласынан 23 орындық «АрМаНым» жеке бөбекжай-бақшасы, 25 орындық «Ботақан» жеке бөбекжай-бақшасы, 90 орындық «KULINSHAK BOBEKJAI» жеке бөбекжай-бақшасы, 2022 жылы балабақшасы жоқ Тоқабай ауылынан 30 орындық «Бекзия-Ана» жеке балабақшасы, Арал қаласынан 50 орындық «Матұғұл» жеке балабақшасы, 45 орындық «AYBOBEK» жеке бөбекжай-бақшасы, Жақсықылыш кентінен 140 орындық «Асылым» жеке бөбекжай-бақшасы, Бөген ауылынан 85 орындық «Айбұрым» жеке бөбекжай-бақшасы, 2023 жылы балабақшасы жоқ Жіңішкеқұм ауылынан 25 орындық «Еркесұлу» жеке бөбекжай-бақшасы, Қамыстыбас ауылынан 130 орындық «Жансая» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, пайдалануға берілді.

2021 жылдан 2023 жылдың 21 қарашасына дейін жекеменшік балабақшалар желісі 12 бірлікке өсті (2021 жыл – 5 бірлік, 2022 жыл – 5 бірлік, 2023 жыл – 2 бірлік).

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 596 педагог (мемлекеттік балабақшаларда – 305, жеке балабақшаларда – 206, мектеп жанындағы шағын орталықтарда – 85) жұмыс жасайды.

Салалық құрамы: педагог зерттеуші – 5, педагог срапшы – 34, педагог-модератор – 163, I санатты – 39, II санатты – 91, басшы ұйымдастырушы– 7.

Арал қаласы бойынша апатты деп танылған 3 балабақша бар («Жазира», «Толқын», «Балдырған»)

Бүгінде апатты деп танылған 3 балабақшада жалға алынған кәсіпкерлік мақсаттағы  ғимараттарға көшіріліп, уақытша жұмыстарын жалғастыруда.

Атап айтар болсақ, «Жазира» балабақшасы Ақтан батыр №43 мекен-жайға, ал «Толқын» балабақшасы мен «Балдырған» балабақшасы М.Өтемісұлы №2В мекен-жайдағы барлық жағдайы жасалған, заманауи талапқа сай жабдықталған жалдамалы ғимаратқа көшірілді.

Апатты балабақшалардың мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу үшін: 140 орындық«Жазира» балабақшасына10,8 млн тг,140 орындық  «Балдырған» балабақшасына 10,8 млн тг және жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 140 орындық «Толқын» балабақшасына 1,5 млн тг қаражат бөлініп, қазіргі уақытта облыстық құрылыс басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.


Мектепке дейінгі ұйымдар желісі туралы мәлімет

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 18 мемлекеттік балабақша, 24 жеке балабақша, 18 мектеп жанынан ашылған толық күндік шағын орталық.
18 мемлекеттік балабақшада – 2120 бала, 24 жеке балабақшада - 1488 бала, 18 мектеп жанындағы толық күндік шағын орталықта – 564 бала, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарда – 1059 бала қамтылған.
Мектептердегі мектепалды даярлық топтарда 5-6 жастағы – 1040, бастауыш сыныптарында – 1787 бала қамтылып отыр. 2-6 жастағы 4172 бүлдіршін балабақшада. 

Жалпы аудандағы 2-6 жастағы бүлдіршіндердің қамтылу деңгейі 93,5 пайыз болса, 3-6 жастағы бүлдіршіндер толықтай қамтылып отыр.

Дата публикации
21 мая 2020
Дата обновления
06 октября 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы