Лого

Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамту

Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде - 5169 адам хабарласты. Оның 4615-і тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 66 адам жолданды (қайық моторисі мамандығына 3 ай мерзімге). Оның 59-ы оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша

«Бастау бизнес» жобасына электрондық еңбек биржасы арқылы 1523 адам онлайн форматта оқыған.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды көлемі 1 225 200 теңгеден 400 адамға грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындары 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмысты аяқтаған 15 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, қалған 36 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Жастар тәжірибесіне 285 адам жолданды. Тәжірибені аяқтаған 31 адамның 26-ы тұрақты жұмыспен қамтылып, қалған 254 адам шарттары бойынша келесі жылға өтпелі.

Қоғамдық  жұмысқа 878 адам жолданды. Қоғамдық жұмысты 878-і аяқтап, 231-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Алғашқы жұмыс орнына 15 адам жолданып, шарт бойынша келесі жылға өтпелі.

Ұрпақтар келісімшарты жобасына 5 адам жолданды. Жұмысты аяқтаған 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты, қалған 3 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Күміс жас жобасы бойынша 9 адам жолданды. Жұмысты аяқтаған 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты (100,0%). Қалған 7 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Бүгінгі күнге жұмыссыздар саны (қалдық) базалық  дерекқор бойынша 498 адам, яғни желтоқсан айының ресми жұмыссыздық  деңгейі 1,6 пайызды құрап отыр.

Жалпы жұмыссыздық  деңгейі статистикалық мәліметке сәйкес аудан бойынша  5,0 пайыз құрайды.

Дата публикации
21 мая 2020
Дата обновления
10 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
14 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы