«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, 17- бабының 1-тармағына сәйкес және Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 «Арал қаласының №382 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясын құру және оның сандық құрамын айқындау туралы» шешімін негізге алып, Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Арал қаласының №382 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы құрылсын.
- Сайлаушылар саны бір мыңға дейінгі Арал қаласының №382 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамы бес мүшеден тұратын болып айқындалсын.
- Осы қаулы №382 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру үшін Арал аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық сайлау комиссиясы