«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Арал аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №АСК-194 «Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының негізінде :
- Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріндегі он бес округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Осы қаулы Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін Арал аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық сайлау комиссиясы