2026 жылдың 3 ай бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 55 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1502 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 40 (2,7 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 67 (4,4 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 1395 (92,9 %) қызмет көрсетілді.2026 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 3 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2026 жылыдың 3 айы бойынша арыз-шағым түскен жоқ.