Арал аудандық мәслихаты шешімінің Жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ) әзірлеуші орган болып табылады.
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының шешімі.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда Арал ауданы бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның нақты мөлшерлері заңнама талаптарына сай реттелетін болады. Бұл шешім әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға көмекті уақытылы әрі тиімді тағайындауға мүмкіндік береді.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15804463