Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау туралы ақпарат (2026 ж І тоқсаны)

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2026 жылдың 3айында 399 өтініш тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2025 ж. 3 айында 412) 3,1% пайызға азайған. Аудан әкімі аппаратында 2026 жылдың 3 айында барлығы 162 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде заңды тұлғалардан-17 жеке тұлғалардан 145 өтініштүскен. Шағымдар түспеген. Өткен жылдың есепті мерзімімен (2025  ж. осы кезеңінде 227 өтініш түскен) салыстырғанда–28,6 пайызға азайған. Жоғарғы органдар арқылы 31 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 7 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.

Аудан әкімі аппаратына түскен 162 өтініштің: 57 төменгі органдарға, 105 өтініш аппаратта қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі  -әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.

2026 жыл басынан бері барлық дербес бөлі

мдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті.

Аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері 270 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау өткізді.

Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері барлығы 97 адам қабылданды. Атап айтқанда, 42 адам аудан әкімінің және 55адам аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының қабылдауында болып, 22 азаматтың өтініштері шешімін тапса,  32 азаматқа заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді,  43-ы құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.

 

Дата публикации
07 апреля 2026