«Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы №345 шешіміне өзгеріс енгізу
Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 345 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207205 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымшасындағы Жақсықылыш 3789, Жіңішкеқұм 7855, Қаратерең 6166, Ақеспе 5809, Ақбасты 17913, Жалаңаш 17808, Күршек 6433, Сазды 9573, Сапақ 5341, Көктем 9779 осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов