Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың 12 айында 1460 өтініш тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2024ж. айында 1659) 11,9 % пайызға азайған. Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың 12 айында барлығы 717 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде жеке тұлғалардан 554, заңды тұлғалардан 163 өтініш түскен. Шағымдар саны-18, Өткен жылдың есепті мерзімімен (2024 ж. осы кезеңінде 724 өтініш түскен) салыстырғанда –0,1 пайызға азайған. Жоғарғы органдар арқылы 194 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 11 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.
Аудан әкімі аппаратына түскен 717 өтініштің: 61 төменгі органдарға, 656 өтініш аппаратта қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі -әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.
2026 жыл басынан бері барлық дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті. 2026 жылдың 12 айында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен қала, кент, ауылдық округтер әкімдері 575 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау өткізді.
Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылдың 12 айында барлығы 314 адам қабылданды. Атап айтқанда, 193 адам аудан әкімінің және 121 адам аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының қабылдауында болып, 54 азаматтың өтініштері шешімін тапса, 139 азаматқа заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді, 121-ы - құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.