Аудан бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар

2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2025 жылы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 56 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  6232  қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 200 (3,2 %) қызмет;

- мемлекеттік корпорация арқылы 303 (4,9 %) қызмет;

- Электронды үкімет порталы арқылы 5729 (91,9 %) қызмет  көрсетілді.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 15 қызмет көрсетуші объектілерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2025 жыл бойынша арыз-шағым түскен жоқ.

Дата публикации
06 января 2026