2025 жылдың IV тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 56 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 568 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 37 (2,4 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 55 (3,5 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 1476 (94,1 %) қызмет көрсетілді.
2025 жылдың IV тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 4 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2025 жылыдың IV тоқсаны бойынша арыз-шағым түскен жоқ.