«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        

 

                                                                                                    жоба

 

 

 

 

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 313 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 313 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 205073 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

кірістер – 16 887 155,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 537 748 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 57 208 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 38996 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 13 243 203,3 мың теңге;

шығындар – 17 218 092,6 мың теңге;

таза бюджеттік кредит беру – 1 010 725 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 1 057 454 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 46 729 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 30 014 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 30 014 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 381 676,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  1 381 676,3 мың теңге;

қарыздар түсімі – 1 057 454 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 46 729 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 370 951,3 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Арал аудандық мәслихатының

       төрағасы                                                     _____________

                      

 

 

Дата публикации
18 декабря 2025