Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы

Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берiлiп отырған Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесi бекiтiлсiн.
  2. Аудан бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар
    осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. «Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы
    №84-қ қаулысы жойылсын.
  4. Қаулының орындалуын бақылау «Арал ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысына жүктелсiн.
  5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

         АУДАН ӘКІМІ                                                          А. ОҢҒАРБАЕВ

Дата публикации
24 ноября 2025