Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау туралы ақпарат (2025 ж 9 айы )

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың  9 айында 1122 өтініш тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2024ж. 9 айында 1264) 11,2% пайызға азайған. Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың 9 айында барлығы 595 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде жеке тұлғалардан 463, заңды тұлғалардан 132  өтініш түскен., Өткен жылдың есепті мерзімімен (2024  ж. осы кезеңінде 528) салыстырғанда–12,7 пайызға көбейген. Шағымдар саны-12. Жоғарғы органдар арқылы 154 өтініш келіп түсіп, оның ішінде11 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.

Аудан әкімі аппаратына түскен 595 өтініштің: 40 төменгі органдарға, 555өтініш аппаратта қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі  -әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.

2025 жыл басынан бері барлық дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті. 2025 жылдың 9 айында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен қала, кент, ауылдық округтер әкімдері 396 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау   өткізді.      

Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылдың 9 айында барлығы 247 адам қабылданды. Атап айтқанда, 136 адам аудан әкімінің және 111 адам аудан әкімінің орынбасарларыжәне аппарат басшысының қабылдауында болып, 43 азаматтың өтініштері шешімін тапса, 96 азаматқа заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді,  108-і - құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.

Дата публикации
08 октября 2025