2025 жылғы 19 қазанға тағайындалған Жетес би ауылдық округі әкімінің кандидаттарын тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 19 қазанға тағайындалған

 Жетес би ауылдық округі әкімінің кандидаттарын

тіркеу қорытындысы туралы

 ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113–5–бабының 9–тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 19 қазанға тағайындалған Жетес би ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып тіркелгендігі туралы хабарлайды.

Жетес би ауылдық округі бойынша:

  1. Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы – 1965 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Жеке кәсіпкер, Арал аудандық мәслихатының депутаты. Арал қаласында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Жиемұратов Қайрат Алданұлы – 1972 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Жаңақұрылыс ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Бақытов Азамат Ақбайұлы – 1993 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Ақирек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Ақирек ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Арал аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 октября 2025