Аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Арал қаласы №АСК-31 26 қазан 2020 жыл
Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Арал ауданының Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің 2020 жылғы 14 желтоқсанда аяқталуына байланысты, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36-бабын және 36-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің сайлауы 2020 жылдың 14 желтоқсанына (дүйсенбі) тағайындалсын.
2.Әкімдікке кандидаттарды ұсыну сайлау күніне 30 күн қалғанда
(14қарашадан) басталып, сайлау күніне 25 күн қалғанда (19қарашада) аяқталатын болып және кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталып, дауыс беру күніне 15 күн қалғанда (29 қарашада) аяқталатын болып белгіленсін.
3.Осы қаулы аудандық «Толқын» газетінде жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Т.Дәрменов
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш.Бисеналиева