«Беларан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3 бабының 3 тармағына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мәселелерін талқылау бойынша Беларан ауылдық округі, Құланды ауылында Жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.
Өткізілетін орны:
Беларан ауылдық округі, Құланды ауылы, Беларан ауылдық округі әкімінің аппараты комуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
2020 жылдың 13 қараша күні, сағат 11-00-де өтеді.
Талқыланатын мәселелер:
Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мәселелерін талқылау.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуын шақырамыз.
Беларан ауылдық округінің әкімшілігі