Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылған жұмыстар (I жартыжылдық)
2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2025 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 56 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 3 163 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 134 (4,2 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 166 (5,3 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 2863 (90,5 %) қызмет көрсетілді.
2025 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 3 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2025 жылыдың II тоқсаны бойынша арыз-шағым түскен жоқ.