Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жұмыс жасау туралы ақпарат

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың 6 айында 762 өтініш тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2024 ж.6 айында 850) 10,3% пайызға азайған. Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың 6 айында барлығы 396 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде жеке тұлғалардан 286, заңды тұлғалардан 110 өтініш түскен. Шағымдар саны - 6, Өткен жылдың есепті мерзімімен (2024  ж. осы кезеңінде 356 өтініш түскен) салыстырғанда – 11,2 пайызға көбейген. Жоғарғы органдар арқылы 86 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 11 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.

Аудан әкімі аппаратына түскен 396 өтініштің: 24 төменгі органдарға, 372 өтініш аппаратта қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі  - әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.

2025 жыл басынан бері барлық дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті. 2025 жылдың 6 айында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен қала, кент, ауылдық округтер әкімдері 198 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауөткізді.

Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылдың 6 айында барлығы 161 адам қабылданды. Атап айтқанда, 97 адам аудан әкімінің және 64 адам аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының қабылдауында болып, 29 азаматтың өтініштері шешімін тапса, 56 азаматқа заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді, 76-ы - құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.

Дата публикации
14 июля 2025