АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 33 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық кірістер басқармасы және аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, қала, кент әкімдері, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №316 «2025-2027 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Ұзақов – Арал қаласының әкімі.
3. Қамыстыбас, Шижаға, Аманөткел, Қызылжар елді мекендерінің атауы қайталанған көшелеріне жаңа атау беру туралы.
Хабарламашы: Б.Махатов – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
4.«Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
5.«Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
6.«Арал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық кестесі және қызметтік автокөлігінің лимтін бекіту туралы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дата публикации
08 июля 2025