АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 31 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімшілігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б. Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1. «Арал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ғ. Тоғысова - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2. «Арал ауданының әкімдігі жанандағы терроризмге қарсы аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Д. Ниязымбетов - Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дата публикации
08 июля 2025