Противодействие коррупции по Аральскому району о состоянии действия

Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) құрылған. 2024 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту барысында жыл көлемінде өсім алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты талдау жүргізіліп, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына ұсынылып 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогы (бұдан әрі– базалық бағыт) бекітілген болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі таңда тұрақты және мерзімінде орындалуда.

Осыған сәйкес, ішкі талдаудағы бекітілген кесте бойынша әр айда бекітілген аудан әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі, қала әкімі аппараты мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдері ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, талдамалық анықтамалары облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланып, тұрақты бақылауға алынған.

Ағымдағы жылы аудан әкімі А.С.Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия 2 отырысы өткізіліп күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Атап айтқанда 1. «Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит қортындысымен аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде (ұйымдарда) 2023-2024 жылдары анықталған кемшіліктерді талқылау және алдағы уақытта болдырмау, алдын алу шаралары туралы»

  1. «Арал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы»

Комиссия отырысында аудан бойынша дербес бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, нәтижесімен бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Хаттамалардың орындалуын қатаң бақылауға алынған.

Осыған сәйкес, ішкі талдаудағы бекітілген кесте бойынша әр айда бекітілген аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдері және кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, талдамалық анықтамалары облыс әкімі аппаратына жолданып, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланып, тұрақты бақылауға алынған.

Бұған қоса, 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы мақалаларды БАҚ-да әлеуметтік желілерде жариялау кестесі бекітіліп дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ аппараттары Арал ауданының «Толқын» газетіне 6 мақала, әлеуметтік желілерге 5 мақала жарияланды.

2020 жылы Республика көлемінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, «Халықтық заңгер» азаматтарды қабылдау акциясы бастау алды.

Осы ретте, 2025 жылдың 31 мамыр күні «Аудандық оқушылар үйінің» ғимаратында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге әлеуметтік, жер, тұрғын үй қатынастары саласының өкілдерін қатыстыра отырып аудан тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелері тыңдалып заң аясында тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, атап өту қажет аталған акция аясында ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде қоғамдық қабылдаулар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 500 дана брошюра әзірленіп, аудан тұрғындары арасында А4 форматта 500 дана таратылды және 2 бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желіге жарияланып және адам көп шоғырланатын жерлерде (жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, арал аудандық сотының ғимаратында) көрсетілді. Одан бөлек қала орталықтарында билбордтар ілінді.

Дата публикации
08 июля 2025