«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің
109-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 289 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
7043 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер – 20 672 608,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер –1 846 791 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 329,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 500 мың теңге;
трансферттер түсімі – 18 765 988,2 мың теңге;
шығындар – 20 812 696,2 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу – 2 025 755,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 2 037 379,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –11 624,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 6 700 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 6 700 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 097 809 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –2 097 809 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Лауазымы Аты-жөні