«Қызылорда облысы Арал ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын» бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы 154-ө бұйрығына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қызылорда облысы Арал ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы» осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Дата публикации
11 июня 2025