Арал аудандық сайлау комиссиясының қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 18 мамырда өткізілген Арал ауданының Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №13, №14, №15, №19, №20, №21, №28 учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1) Абдраманов Кайрат Шындалиевич - Арал ауданының Аманөткел ауылдық округінің әкімі;
2.2) Алишев Мухансерик Куандыкович - Арал ауданының Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі;
2.3) Карауымбетов Уристем Мастыбаевич - Арал ауданының Райым ауылдық округінің әкімі;
2.4) Абдикеров Мади Жаксыбаевич - Арал ауданының Қосжар ауылдық округінің әкімі;
Төраға Н. Зағатов
Хатшы Л. Сатекеева
Арал қаласы
2025 жылғы
«19» «мамыр»
№70
Арал аудандық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 19 мамырдағы
№70 қаулысымен бекітілген
2025 жылғы 18 мамырда тағайындалған Арал ауданының Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылғы 18 мамырда тағайындалған Арал ауданының Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Арал ауданының Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтерінің №13, №14, №15, №19, №20, №21, №28 учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Арал ауданының Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.
Аманөткел, Жіңішкеқұм, Райым, Қосжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы мынадай қорытындылары анықталды:
Жіңішкеқұм ауылдық округі бойынша:
Алишев Мухансерик Куандыкович үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 313 дауыс, Әбдісұлтанұлы Райымбек үшін – 18 дауыс, Мырзабеков Сәндібек Мырзабекұлы үшін – 20 дауыс, барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.
Алишев Мухансерик Куандыкович – Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Алишев Мухансерик Куандыкович - 1965 жылы туған, ұлты қазақ, Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі. Арал ауданында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Райым ауылдық округі бойынша:
Карауымбетов Уристем Мастыбаевич үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 611 дауыс, Бисембаев Рахметжан Темирович үшін – 54 дауыс, барлығына қарсы – 4 дауыс берілді.
Карауымбетов Уристем Мастыбаевич – Арал ауданы, Райым ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Карауымбетов Уристем Мастыбаевич - 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Райым ауылдық округінің әкімі. Арал ауданында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қосжар ауылдық округі бойынша:
Абдикеров Мади Жаксыбаевич үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 231 дауыс, Бақытов Азамат Ақбайұлы үшін – 16 дауыс, Мырзаханұлы Ғалымбек үшін – 15 дауыс, барлығына қарсы – 2 дауыс берілді.
Абдикеров Мади Жаксыбаевич – Арал ауданы, Қосжар ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Абдикеров Мади Жаксыбаевич - 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Қосжар ауылдық округінің әкімі. Арал ауданында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
Аманөткел ауылдық округі бойынша:
Абдраманов Кайрат Шындалиевич үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 852 дауыс, Санакулов Утеген Канымбаевич үшін – 72 дауыс, Тағыбергенов Нұрбек Ғалымбекұлы – 69 дауыс, барлығына қарсы – 9 дауыс берілді.
Абдраманов Кайрат Шындалиевич – Арал ауданының Аманөткел ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.
Абдраманов Кайрат Шындалиевич – 1979 жылы туған, ұлты қазақ, Аманөткел ауылдық округінің әкімі. Арал ауданында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.