А Р А Л А У Д А Н Ы Ә К І М І Н І Ң
Ш Е Ш І М І
Арал қаласы № 28-ш «24» қазан 2018 жыл
Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 25 қазанда
№ 6480 санды нөмірімен тіркелген
Сайлау учаскелерiн құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 23-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Арал ауданы бойынша сайлау учаскелерi құрылсын.
2. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Арал ауданы әкімінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 18-ш шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5223 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 қарашасында "Толқын" газетінде және 2015 жылғы 4желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Бохаевқа жүктелсiн.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ
«КЕЛIСIЛДI»
Арал аудандық сайлау
комиссиясымен
"16" қазан 2018 жыл
Арал ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы
"24" қазандағы № 28-ш шешiмiне қосымша