2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Беларан, Қарақұм, Мергенсай ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарын тіркеу қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Беларан, Қарақұм, Мергенсай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидат болып тіркелгендігі туралы хабарлайды:

 Беларан ауылдық округі бойынша:

  1. Есенов Тұрғанбай Әбілқайырұлы 1970 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Беларан ауылдық округінің әкімі. Беларан ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Саражов Қазбек Сақтапбергенұлы 1979 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Мергенсай ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Байзахов Ардақ Асылбекұлы 1986 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің бөлім басшысы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Қарақұм ауылдық округі бойынша:

  1. Шарапатов Асқар Нұралыұлы 1973 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Қарақұм ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Мұқышов Қәдірбай Құрманиязұлы 1971 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Аралқұм» шаруа қожалығының төрағасы. Қарақұм ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Матаев Самат Алданұлы 1983 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  4. Исаев Нұржас Бегалыұлы 1994 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Сапа» шаруа қожалығының төрағасы. Қарақұм ауылдық округінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Мергенсай ауылдық округі бойынша:

  1. Жолдасова Күлпаш Қаналықызы 1969 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Желкен» бөбекжай бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі. Мергенсай ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Серікбаев Нұрлыбек Жанғабылұлы 1970 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Жақсықылыш кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
  3. Нұрхожаев Қайыржан Асылханұлы 1984 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

Арал аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
08 мая 2025