Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы

Арал аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік қызмет саласындағы

заңнамасының талаптарына

сәйкестігі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 113-2 және 113-4-баптарына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 02.05.2025 жылғы № 02-10/686 хатына, Арал аудандық сайлау комиссиясының № 84, 85, 86 хаттамаларына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Беларан ауылдық округі әкімі болып сайлану үшін «AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсынған кандидаттардың:

1) К.С. Саражовтың;

2) Т.А. Есеновтың;

3) А.А. Байзаховтың құжаттары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі анықталды.

  1. Арал ауданының Беларан ауылдық округі әкіміне кандидаттарға қол қою парақтары Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сай тиісті мөлшерде берілсін.
  2. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
  3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

        

 

Төраға                                                                                         Н.Н. Зағатов

 

Хатшы                                                                                        Л.К. Сатекеева

 

 

Арал қаласы

№ 65/84, 85, 86

«03» «мамыр» 2025 жыл

Дата публикации
05 мая 2025