Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және
жоғары тұрған сайлау комиссиясының
Н А З А Р Ы Н А
Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Арал ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссяларының құрамдарынан шығып қалған:
№1 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №4 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №6 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №7 учаскелік сайлау комиссиясының – 3, №8 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №10 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №13 учаскелік сайлау комиссиясының -2, №17 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №18 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №21 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №22 учаскелік сайлау комиссиясының- 1, №24 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №25 учаскелік сайлау комиссиясының – 3, №26 учаскелік сайлау комиссиясының -1, №27 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №28 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №29 учаскелік сайлау комиссиясының -2, №30 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №31 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №32 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №33 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №34 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №35 учаскелік сайлау комиссиясының -2, №37 учаскелік сайлау комиссиясының – 5, №38 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №42 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №46 учаскелік сайлау комиссиясының – 4, №47 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №48 учаскелік сайлау комиссиясының – 4, №49 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №50 учаскелік сайлау комиссиясының – 2, №51 учаскелік сайлау комиссиясының – 1, №52 учаскелік сайлау комиссиясының – 3, №53 учаскелік сайлау комиссиясының – 3, №54 учаскелік сайлау комиссиясының – 4, №55 учаскелік сайлау комиссиясының -1 мүшесінің орнына сайлау өткізілетіндігін хабарлайды.
Конституциялық Заң талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиясы құрамында өз өкілдері жоқ әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір-бірден кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар 2020 жылдың 31 қазаны мен 14 қарашасы аралығында қабылданады.
Ұсыныста үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, күні, айы, ұлты (үміткердің келісімімен), білімі, мамандығы, қызмет орны, атқаратын қызметі, қызметтік телефоны, пәтерінің телефоны көрсетіліп, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған сайлау комиссиясы басшыларының қолдары қойылған болуы керек.
Жоғарыдағы мәліметтерге қоса мына құжаттар тапсырылуы тиіс:
-саяси партиялардың немесе қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының үміткерді аталған сайлау комиссиясының құрамына ұсынатыны жөніндегі хаттамасынан үзінді;
-саяси партиялар немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеуден өткендігі жайлы құжатының көшірмесі;
-үміткерге белгіленген үлгідегі жеке іс парағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, білімі, саяси партияға мүшелігі, қызмет орны, атқаратын қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары, жеке куәлігінің көшірмесі;
-аудандық мәслихат хатшысының атына жазылған үміткердің тиісті сайлау комиссиясының құрамында жұмыс атқаруға келісімі туралы өтініші.
Д.Мадинов
Аудандық мәслихат хатшысы.
Анықтамалар алу үшін: аудандық мәслихат
апппаратының мекен-жайы: Арал қаласы,
Астана көшесі, №33.
Тел. 2-45-61, 2-16-61. e-mail: aral_masli73@mail.ru