2025 жылдың 27 сәуірде Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкіміне өткізілген сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

Арал аудандық сайлау комиссиясының қаулысы

 

         2025 жылдың 27 сәуірде Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкіміне өткізілген сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 27 сәуірде өткізілген Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №26 учаскелік сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамасы негізінде Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Жандаулетов Нурбек Сауренович - Арал ауданының Аққұм ауылдық округінің әкімі сайланған болып есептелсін.
  3. 2025 жылдың 27 сәуірде өткізілген Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сәйкес жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға                                                                                 Н. Зағатов

 

Хатшы                                                                                 Л. Сатекеева

 

 

 

Арал қаласы

2025 жыл 28 сәуір

№63/84

 

 

Арал  аудандық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 28 сәуірдегі

№63/84 қаулысымен бекітілген

 

2025 жылғы 27 сәуірде тағайындалған Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2025 жылғы 27 сәуірде тағайындалған Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Арал ауданының Аққұм ауылдық округінің №26 учаскелік сайлау комиссиясының дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамасы негізінде Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.

Арал ауданының Аққұм ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Аққұм ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1274 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 968 адам немесе 76 пайызын алды. Дауыс беруге 964 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 60  сайлаушы дауыс берді. 4 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауы мынадай қорытындысы анықталды:

Жандаулетов Нурбек Сауренович үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 838 дауыс, Шукуров Болат Ахметович – 63 дауыс, Нуркожаев Габит Сабитович үшін – 60  дауыс, барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.   

Жандаулетов Нурбек Сауренович  – Арал ауданының Аққұм ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

Жандаулетов Нурбек Сауренович – 1979 жылы туған, ұлты қазақ, Аққұм ауылдық округінің әкімі. Арал ауданында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Дата публикации
28 апреля 2025