Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органмен өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау ХАТТАМАСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органмен өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау ХАТТАМАСЫ

 

Арал қаласы                                                                                                     25.04.2025 жыл

 

Төрағалық етуші: Бөлім басшысы – Т. Рашев

Хатшы:                     Бөлім бас маманы – Б. Прманов

Қатысқандар:        Бөлім қызметкерлері

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария талқылау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2025 жылдың 1-30 сәуір аралығындағы кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімде жария талқылауда тыңдалды.

Жария талқылау барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.

Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы бюджет кодексінде мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға және мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландыратын туралы айтылған.

Сондай-ақ, бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқарту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілетіні, бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілетіні, мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалануға мүмкіндік жасалған.

Бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді және кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.

Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталған.

Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырса, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген.

Бұдан бөлек, бюджетаралық қатынастарды бойынша азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.

Соған сәйкес, бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жоспарлауды және бюджет кодексінің талаптарын қатаң сақтау ұсынылсын.

Жария талқылауға қатысқандар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келтірілген ұсыныстар бойынша пікір алмасулар жүргізіліп, әрі қарай жүзеге асыру үшін қолдау тапты. Төрағалық етуші бөлім басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жария талқылауды жабық деп қорытындылады.

Жария талқылау қорытындысымен сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

 

Төраға                                                                               Т. Рашев

 

Хатшы                                                                               Б.Прманов

Дата публикации
28 апреля 2025