2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қосжар ауылдық округі әкімі сайлауында әкімдікке өзін-өзі ұсынған кандидат Ғ. Мырзаханұлының Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

Арал аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

2025 жылғы 18 мамырға

тағайындалған Қосжар ауылдық

округі әкімі сайлауында әкімдікке

өзін-өзі ұсынған кандидат

Ғ. Мырзаханұлының Қазақстан

Республикасының заңнамасында

оған қойылатын талаптарға

сәйкестігі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 113-2 және 113-4-баптарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 18.04.2025 жылғы №02-10/623 хатына және Арал аудандық сайлау комиссиясының №60 хаттамасы негізінде аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосжар ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Ғ.Мырзаханұлының құжаттары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі анықталды.
  2. Арал ауданының Қосжар ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Арал ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
  4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

        

Төраға                                                                                         Н.Н. Зағатов

 

Хатшы                                                                                        Л.К. Сатекеева

 

 

Арал қаласы

№41/60

19.04.2025 жыл

Дата публикации
20 апреля 2025