Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жұмыс жасау туралы ақпарат
(2025 ж І тоқсаны)
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2025жылдың І тоқсанында 412 өтініш тіркеліп, өткенжылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2024 ж. 3 ай - 421) 2,1% пайызға азайған.
Аудан әкімі аппаратында барлығы 228 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде жеке тұлғалардан 158, заңды тұлғалардан 41өтініш түскен. Шағымдар саны - 2, Өткен жылдың есепті мерзімімен (2024 ж. 3 айында 158 өтініш түскен) салыстырғанда – 44 пайызға көбейген. Жоғарғы органдар арқылы 51 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 11 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.
Аудан әкімі аппаратына түскен 228 өтініштің: 14 төменгі органдарға, 214 өтініш аппаратта қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі - әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.
2025 жыл басынан бері барлық дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті.
2025 жылдың 3 айында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен қала, кент, ауылдық округтер әкімдері 168 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау өткізді.
Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жыл басынан бері барлығы 92 адам қабылданды. Атап айтқанда, 53 адам аудан әкімінің және 39 адам аудан әкімінің орынбасарларыжәне аппарат басшысының қабылдауында болып, 15 азаматтың өтініштері шешімін тапса, 39 азаматқа заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді, 38-ы - құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.