Үстіміздегі жылдың 06 наурызында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыс өткізілді. Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық кірістер басқармасы және бөлім басшылары, қала, кент және кейбір ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының басшысы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1.Аудан көлемінде туризмді дамытудың жайы туралы.
Баяндамашы: Н.Бохаев - Арал ауданы әкімінің орынбасары.
2.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Хабарламашы: Б.Турахметов – Арал аудандық мәслихатының төрағасы.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, талқыланып, депутаттар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, аудандық мәслихаттың кезекті 30 сессиясының күн тәртібіне ұсынылды.